Media Image

18 мамыр 2025

Түркістан қаласында XIII Жазғы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті!

Аталған ірі спорттық шараның ашылу салтанатына Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы- ректор Саламат Идрисов қатысып, спортшыларымызға қолдау білдірді. Биылғы универсиадаға университетімізден 16 спорт түрі бойынша 132 спортшы қатысуда.
 Ашылу салтанатында университет туын көтеру мәртебесі дзюдо спортынан бірнеше мәрте Қазақстан Республикасының жүлдегері, 23 жасқа дейінгі жастар арасында ел біріншілігінің жүлдегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, 4 курс студенті Данияр Кулушевке бұйырды.
Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша дзюдо спорт түрі бойынша нәтижелер:
1 алтын
3 күміс
1 қола
Жекелей нәтижелер:
Жандарбай Аружан — 78 кг салмақта күміс жүлде
 Бітімбай Шынар — 70 кг салмақта қола жүлде.
 Сонымен қатар дзюдо спортынан ерлер құрамасы 30 жоғары оқу орны арасынан командалық есепте 3-орын иеленді!
 Жас спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз !