Медиа ресурстар
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің  делегациясы Ыстанбұлдағы білім беру көрмесінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтті
Жаңалықтар

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің делегациясы Ыстанбұлдағы білім беру көрмесінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтті

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің  делегациясы Ыстанбұлдағы білім беру көрмесінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтті

Жаһандану дәуірінде жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың басты бағыттарының бірі –
интернационализация, яғни білім беру мен ғылымды халықаралық деңгейге
шығару, шетелдік әріптес университеттермен тығыз байланыс орнату үдерісі. Бұл бағыт әлемдегі беделді жетекші университеттердің
тәжірибесін ұлттық жоғары білім жүйесіне енгізуге, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыруға, бірлескен ғылыми
зерттеулер мен қос дипломды бағдарламаларды дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгінде бұл мәселе – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауымен елдегі жоғары оқу орындарының алдында тұрған өзекті басымдықтардың бірі.

Аталған бағытты дамыту мақсатында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов те халықаралық ынтымақтастықты
нығайтуға ерекше көңіл бөлуде. Осыған орай университеттің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Б.Ө. Алтынбасов
пен Халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесінің маманы
С.Х. Хамидулла Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласында EKET FAIRS
ұйымдастырған XV Халықаралық «University Preference Fair 2026»
көрмесіне қатысты.

Үш күнге созылған халықаралық көрме барысында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіліп, нәтижесінде оннан аса шетелдік университеттермен меморандум жасау туралы келіссөздер жүргізілді. Соның ішінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
мен İstanbul Nişantaşı Üniversitesi арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар университет делегациясы İstanbul Technical University, Biruni University және Altınbaş University өкілдерімен де кездесулер ұйымдастырды. Кездесулер барысында ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын
тереңдету, халықаралық индекстелген журналдарда бірлескен мақалалар
жариялау, халықаралық зерттеу жобаларын дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Бұл іссапар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің
халықаралық байланыстарын одан әрі нығайтып, оның әлемдік білім беру кеңістігіндегі серіктестік ауқымын кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.