Media Image

17 мамыр 2025

Жемқорлыққа қарсы байқау өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен және «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының қолдауымен “Заң және тәртіп” жобасы аясында сотта сөз сөйлеу мен шешендік өнердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың құқықтық мәдениетін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету.
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Байқауға Экономика және құқық факультетінің ҚҚО мамандығының 2-4 курс студенттері қатысты.
Сайыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің орынбасары Нұрлан Жахин, Атырау облысы Адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Анар Демесинова және Қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасының сеньор - лекторы Бэлла Тажгарина әділ қазылық етті.
Жарыста қылмыстық сот процесінде жемқорлық қылмыстарын қарау фабуласы берілді. Байқау барысында қатысушылар шешендік өнер арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттады.
Сайыс нәтижесінде үздіктер анықталып, диплом және арнайы алғыс хаттармен марапатталды!
І орын - Құқық қорғаушылар;
ІІ орын- Сот билігі;
ІІІ орын - Заң сөзінің қорғаушылары.