Медиа ресурстар
I орын
Жаңалықтар

I орын

2026 жылғы 8 сәуірде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Жастар және ғылым» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысы өтті.

Отырысты университет ректоры Саламат Нұрмұханұлы Идрисов ашып, ғылыми жобалар мен байқауларға белсенді қатысқан студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін марапаттады.

Орыс филологиясы кафедрасынан «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері Есқали Венера Русланқызы, Ерофеева Диана Алексеевна, Келдібаева Айгерім Болатқызы және олардың ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Карпова Александра Эдуардовна марапатқа ие болды. Олар 2025 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) байқауында жеңіске жетіп, бірінші орын алғаны үшін марапатталды.

Университетішілік СҒЗЖ байқауында бірінші орынды «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Жанабаева Акерке мен Қасымова Әэлита иеленді. Олардың ғылыми жетекшісі – Қайрлиева Нұргүл Балқашқызы.

Сонымен қатар университетішілік СҒЗЖ байқауының жеңімпаздары, «Оқыту орыс және орыс емес тілдерінде жүргізілетін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері Стерикова Нұрай мен Бақарова Аружан және олардың ғылыми жетекшісі Карпова Александра Эдуардовна I дәрежелі дипломмен марапатталды. Олар байқаудың университетішілік кезеңінде бірінші орын иеленді.

Орыс филологиясы кафедрасы студенттер мен ғылыми жетекшілерді жоғары жетістіктерімен құттықтап, ғылыми және оқу қызметтерінде толағай табыстар тілейді.