Медиа ресурстар
Artvin Çoruh Üniversitesi (Түркия) университетіндегі оқытушының академиялық ұтқырлығы
Жаңалықтар

Artvin Çoruh Üniversitesi (Түркия) университетіндегі оқытушының академиялық ұтқырлығы

2025 жылдың 6–20 қазан аралығында педагогика ғылымдарының магистрі, орыс филологиясы кафедрасының оқытушысы Г. М. Ишанова халықаралық «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасындағы Артвин Чорух университетінде (Artvin Çoruh Üniversitesi) болды.

Бағдарлама барысында Гүлнәзік Мұратқызы студенттерге мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға және орыс тіліне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған ашық дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

“Орхун” бағдарламасы маған қонақжай Artvin Çoruh Üniversitesi университетінде жұмыс істеуге және Артвин қаласының ерекше атмосферасымен танысуға тамаша мүмкіндік сыйлады. Әріптестеріме жылы қабылдауы, ықыласы мен қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Артвин тауларынан бастап Узунгөл көліне дейінгі әрбір кездесу мен сапар менің жадымда жарқын әсер қалдырып, жаңа идеяларға шабыт берді», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, оқытушы университетте ұйымдастырылған концерттерге, көрмелерге және студенттермен кездесулерге қатысып, түрік халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен тереңірек танысу мүмкіндігіне ие болды.

Artvin Çoruh Üniversitesi университетіндегі тәжірибе кәсіби және тұлғалық дамудың маңызды кезеңіне айналып, серіктес жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық байланыстардың нығаюына ықпал етті.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне оқытушылардың халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуына қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.