Медиа ресурстар
Қызылқоға оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді
Жаңалықтар

Қызылқоға оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 12–13 мамыр күндері Қызылқоға ауданының орта мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстары өткізілді.

Іссапар аясында аудан бойынша 13 орта мектеп қамтылды.

📍 Бірінші күні келесі 4 мектепте кездесу ұйымдастырылды:

— Қарабау орта мектебі
— Қаракөл орта мектебі
— Тасшағыл орта мектебі
— Жаңашаруа қазақ орта мектебі

📍 Екінші күні келесі 9 мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді:

— Миялы орта мектебі
— Б. Аманшин атындағы орта мектеп
— Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп
— Ы. Шөреков атындағы орта мектеп
— Кенбай орта мектебі
— №9 орта мектеп
— Сағыз орта мектебі
— №2 орта мектеп
— Мұқыр орта мектебі

Кәсіби бағдар беру жұмыстарына Жаратылыстану факультетінің деканы, профессор, техника ғылымдарының кандидаты М.С. Есенаманова, Көптілді білім беру факультетінің деканы, профессор, филология ғылымдарының кандидаты М.К. Амангазиева, Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Р.А. Канатбаева, Психология және педагогика кафедрасының сеньор-лекторы, магистр В.С. Турегалиева, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық кафедрасының сеньор-лекторы Б.А. Изтелеуов, Музыка және өнер кафедрасының оқытушысы Н.А. Зинор қатысты.

Кездесулер барысында оқушыларға жоғары оқу орнына түсу талаптары, білім беру бағдарламалары, мамандық таңдау ерекшеліктері және болашақ кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды. Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Аталған кәсіби бағдар беру жұмыстары білім алушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру және олардың кәсіби танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Ұзақ жол мен тығыз кестеге қарамастан, сапар өте мазмұнды әрі пайдалы өтті.

Ең бастысы — жастардың болашаққа деген қызығушылығы мен талпынысын көру.