Медиа ресурстар
Болашақ ұстазға бағыт берген жоба
Жаңалықтар

Болашақ ұстазға бағыт берген жоба

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сай «PROF қадам: кураторлық және тәлімгерлік» жобасының қорытынды рефлексиясы өтті.

 Жобаның негізгі мақсаты – болашақ мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін терең түсінуге бағыт беру, кәсіби шеберлігін дамыту және педагогикалық бастамаларына қолдау көрсету. Сонымен қатар білім беру ұйымдарымен серіктестікті нығайтып, тәжірибелік жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуына мүмкіндік жасау.

 Жоба аясында Атырау университетінің "6В01301 Бастауыш білім беру деңгейінің педагогы", "6В01502 Физика пәнінің мұғалімі", "6В01507 Химия және биология пәндерінің мұғалімі", "6В01503 Білім беру жүйесіндегі информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "6В01509 Физика және информатика пәндерінің мұғалімі", "6В01505 Биология пәні мұғалімі", "6В01510 География және тарих пәндерінің мұғалімі", "6В01704 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі", "6В01703 Шетел тілі: екі шетел тілі" білім бағдарламаларының  4-курс студенттері Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектебі мен Д.Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектебінде тәлімгерліктен өтіп, тәжірибелі ұстаздармен бірге кәсіби тәжірибе жинақтады.

Тәлімгерлік барысында студенттер сабақ жоспарлау, оқу мақсатын құру, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, тәрбие жұмыстары мен заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану бағытында білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, болашақ ұстаз ретінде кәсіби бейімделу кезеңінен өтті.

 Қорытынды рефлексия барысында студенттер жоба жұмысында екі жақтан да  үлкен қолдау болғанын атап өтіп, тәлімгерлерге алғыстарын білдірді. Өз кезегінде жоба жетекшілері мен мектеп мұғалімдері болашақ жас мамандарға кәсіби бағыт-бағдар беріп, педагогикалық жолдағы маңызын ерекше атап өтті.

Шара соңында жобаға қатысушы студенттер сертификатталды. Жоба жұмысын жоғары дәрежеде іске асыруға үлес қосқан Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектебінің директоры Унербек Асылбекович және Д.Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектебінің директоры Гульбаршин Жумаевна Басқарма төрағасы-ректор С.Н.Идрисовтың атынан Алғыс хатқа ие болды.