2026 жылғы 30 қаңтар күні Мақат ауданы Л. Шахматов атындағы орта мектепте кәсіби бағдар беру мақсатында тікелей эфир өтті. Іс-шараға мектептің кәсіби бағдар беруші педагогы Жанасова Гүлшат Досқайырқызы және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Рауза Канатбаева қатысты.
Тікелей эфир барысында Атырау университетінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, мамандықтар тізімі, оқу ақысы, мемлекеттік білім беру гранттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы толық әрі жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар ұсынылды.
Қазіргі таңда мектептің 11-сыныптарында барлығы 52 оқушы білім алуда, оның ішінде 21 оқушы орыс сыныптарында оқиды.
Өткізілген іс-шара 11-сынып оқушыларының болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына, жоғары оқу орны туралы толық ақпарат алуына және кәсіби бағдарын айқындауына оң ықпал етті.