Медиа ресурстар
Антиплагиат жүйесіне арналған семинар өтті
Жаңалықтар

Антиплагиат жүйесіне арналған семинар өтті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде оқытушылар мен ғалымдарға, сондай-ақ бітіруші курс студенттері мен магистранттарға арналған StrikePlagiarism.com антиплагиат жүйесінің мүмкіндіктері бойынша семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – академиялық адалдық қағидаларын нығайту және ғылыми жұмыстарды тексерудің заманауи құралдарын тиімді қолдану дағдыларын дамыту.

Семинар бағдарламасы аясында қатысушыларға антиплагиат жүйесінің негізгі мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, ұқсастық есебін дұрыс интерпретациялау жолдары, оның ішінде ұқсастық коэффициенттері, дәйексөз жиілігі мен түпнұсқалық шектерін бағалау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мәтінмен жасалатын түрлі манипуляцияларды анықтау тәсілдері – микрокеңістіктер, жасырын таңбалар және әртүрлі алфавит символдарын пайдалану жағдайлары түсіндірілді.

Бағдарламада ерекше назар AI мазмұнын анықтау модулін қолдану ерекшеліктеріне аударылды. Қатысушылар StrikePlagiarism.com жүйесінде жасалған есептерді практикалық тұрғыда талдап, нақты мысалдар арқылы тәжірибе жинақтады.

Семинар барысында бітіруші курс студенттері мен магистранттар антиплагиат жүйесіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Ал профессор-оқытушылар құрамына дипломдық жұмыстарға жетекшілік ету барысында қажетті әдістемелік ұсынымдар берілді.