
12 сәуір 2025
12 СӘУІР – ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ғалымдары халқымыздың ұлы перзенті, академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Салтанатты іс-шарада Атырау университетінің басқарма-төрағасы- ректор Саламат Идрисов сөз сөйлеп, ғалымдарды мерекесімен құттықтады.
«Халқымыздың біртуар перзенті, академик Қаныш Сәтбаевтың орасан зор еңбегі мемлекеттің және бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналып отыр. Сондықтан да, әрбір саналы ұрпақ академикті ұлықтап, рухна тағзым етуді өзіне парыз санайды. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тілкей қолдауымен Қазақстан ғылымы жаһандық кеңістікте өз орнын айқындап, инновациялық жобалар мен тың зерттеулер арқылы дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл үрдісте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды өндірістің тірегіне, экономиканың қозғаушы күшіне айналдыруға мол мүмкіндік жасап отыр. Батыс аймақтағы жетекші оқу орны, 85 жылдық тарихы бар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті де отандық ғылымды дамытуға айырықша еңбек етіп келеді. Біздің ғалымдарымыз аймақтың өзекті мәселелеріне ғылыми шешімдер ұсынып, өңірлік және халықаралық жобаларға белсене қатысуда. Соның ішінде университетіміздің ғалымдары ғылыми зерттеулерін жүзеге асыруға және зертханалық зерттеулерін өнертабыс ретінде комммерцияландыруға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым қорынан» қаражаттар алып, Атырау ғылымының жетістіктерін еселеді. Бұл ұжымның, оқытушы-профессорлардың, жас докторанттар мен магистранттардың тынымсыз еңбегінің жемісі» деді басқарма төрағасы-ректор С.Идрисов.
Сондай-ақ, іс-шара С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры Бағыт Шеркешбаева, Каспий өңірінің қазіргі замандағы жоғары колледжінің директоры Мұстахим Мұхтаров, студенттер мен колледж ұстаздары қатысты. Салатантты жиында ғалымдар академик Қ.Сәтбаевтың еңбегі мен өмір жолы жайлы естеліктер айттып, студент жастар ұлы тұлғаға арналған өлеңдерін оқыды.