
12 сәуір 2025
Ғылым күні қарсаңында университет қызметкерлері марапатқа ие болды!
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай өткен Ғылым апталығы мәресіне жетті. Қорытынды жиынға университет басшылығы мен профессор-оқытушылар қатысты.
Ғылым аптасы аясында түрлі ғылыми конференциялар мен ғылыми-әдістемелік семинарлар, зияткерлік сайыстар мен студенттік жобалар байқауы өтті.
Ғылым декадасының жабылу салтанатында «Құрметті әріптестер, 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні болып белгіленуі бекер емес. Көрнекті ғалым, тұңғыш академик, еліміздің алғашқы кәсіби геолог-металлургы, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушысы Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен ұштастырылған. Ғылым жолында, Атырау университетінің өркендеу жолында қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!», - деді Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Қансұлу Өтепқалиева. Сонымен қатар проректор 2024 жылы Атырау университетінің ғылым бағытындағы атқарған жұмыстарымен таныстырып өтті.
Жиын барысында білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Атырау университетінің профессор-оқытушылары ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің марапатына ие болса, ғылым апталығын ұйымдастырушылар мен ғылыми жобалар байқауына белсене қатысқан студенттер мен жетекшілеріне университет басшылығы атынан алғыс хаттар табысталды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі:
1. Валентина Махатова - Бағдарлама инженериясы кафедрасының профессоры;
2. Ахмарал Хайржанова - Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым үздігі» құрмет дипломы:
1. Эльмира Адиетова - Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің жетекшісі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет грамотасы»:
1. Саяхат Каракенова - Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
2. Зита Кенжегалиева - Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Алғыс хаты»:
1. Данагул Калиманова - Химия және химиялық технология кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
2. Гүлшат Нургалиева - География және туризм кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
3. Амангельди Зайнов - Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының сеньор-лекторы;
4. Шынар Бисенова - Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы;
5. Камария Каримова - Ғылыми-техникалық ақпараттар және жоба қызметі бөлімінің жетекшісі;
Марапатқа ие болған әріптестерді университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, кәсіби табыстар мен ғылыми жетістіктер тілейміз!