Media Image

5 сәуір 2025

Атырау университетінде Студенттік Ассамблея құрылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXIII сессиясының шешімдері аясында және ҚХА арнайы жобаларын іске асыру жоспарына сәйкес ынтымақтастық туралы меморандум жасасу арқылы Студенттік Ассамблеяның ашылу рәсімі өтті.

Жобаның негізгі мақсаты:

 Жастар арасында достық, бірлік және өзара түсіністік қағидаларын нығайту;

 Ұлттық мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеу;

 Студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру;

 Ғылыми және шығармашылық жобаларды қолдау.

Іс-шара барысында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаев жоба туралы толық ақпарат берсе, Атырау облыстық өкілдігінің төрағасы Нұрхан Бағытжанов өңірдегі жұмыстарды таныстырды.

Атырау университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйлә Қойшығұлова «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

 Белсенді студенттерге «Ассамблея жастары» куәлігі табысталып, Ассамблеяның жетекшісі тағайындалды.

 Студенттік Ассамблеяның ашылуы – жастар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.