
5 сәуір 2025
Қаржылық сауаттылық бойынша семинар өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Қаржылық сауаттылық формуласы» атты ғылыми семинар өтті.
Қаржылық сауаттылықты арттыру, студенттердің қаржы, инвестиция және салықтық жүйелер туралы түсінігін кеңейту, сондай-ақ қазіргі экономикалық сын-қатерлер жағдайында қаржылық шешімдер қабылдау дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шараға банк және қаржылық ұйымдардың өңірлік өкілдері, профессор-оқытушылар, білім алушылар қатысты.
Экономика және құқық факультеті қаржы және есеп кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараны Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Зита Кенжеғалиева ашып, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында студенттер келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады:
1. Қазақстанның қаржы нарығының дамуында қаржылық инклюзия (І.Қ. Моншақ);
2. Инвестиционная деятельность в трех измерениях (А.М. Елеусінов);
3. Тұрғындардың қаржылық сауаттылығына әлеуметтік желінің әсері (А.Н. Берішқали);
4. Роль страхование финансовой безопасности домохозяйств (М.А. Маратова);
5. Использование искусственного интеллекта бухгалтрском учете и аудите: новые возможностии вызовы (Л.Б. Инаматова);
6. Салықты дұрыс түсіну және қаржыны басқарудың негіздері (А.М. Мұхит);
7. Қаржы пирамидалары: ол қалай жұмыс істейді, белгілері және оны қалай анықтауға болады? (Г.Д. Елемес);
8. Экологические штрафы в РК (А.А. Баймурзаева);
9. Қаржылық сауаттылық өмір сапасын жақсарту факторы ретінде (Н.Ш. Әлібаев, Қ.А. Айбек);
10. Қаржылық сауаттылықтың кәсіпкерлер табысына қалай әсер етеді? (Г.Т. Тлегенова);
11. Халықтың қаржылық сауаттылығы және оны арттыру жолдары (З.Қ. Мұратов).
Қаржылық сауаттылықтың кәсіпкерлердің табысына әсері туралы баяндамасында «қаржылық сауаттылық – кәсіпкердің бизнесін тиімді басқаруы, қаржы ресурстарын оңтайлы пайдаланы және ұзақ мерзімді табысқа жету үшін қажетті ең маңызды дағдылардың бірі. Кәсіпкерлік әлемінде қаржылық сауаттылықтың маңызы зор, өйткені ол кәсіпкерлерге нарықтың өзгерістеріне бейімделуге, қаржылық ресурстарды басқаруға және бизнестің қаржылық жағдайын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді»,- деді Бизнес-процесстерінің есебі, аудиті және аналитика ББ 3-курс студенті Гүлжайна Тлегенова.
Іс-шараның қорытындысында баяндамашыларға сұрақтар қойып, пікірталас форматында талқылау жүргізілді. Бұл ғылыми семинар студенттерге қаржы және экономика саласындағы жаңа білім мен дағдыларды игеруге, сондай-ақ практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.