
14 наурыз 2025
«StartUp 2025» байқауының екінші кезеңі өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жас оқытушылар мен студенттерге арналған дәстүрлі «StartUp 2025» байқауының екінші кезеңі өтті.
Төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқау жас кәсіпкерлер мен болашақ стартап иелеріне өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Студенттер мен жас мамандар арасында шығармашылық ойлау мен кәсіпкерлік қабілетті дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға биыл 20 өтінім түсіп, комиссия олардың ішінен ең үздік 7 жобаны іріктеп, сарапшылардың қарауына ұсынды. Аталған жобалар бизнес, әлеуметтік, ғылыми және университеттің имиджін дамыту секілді 4 бағыт бойынша іріктелді.
Стартап байқайының екінші кезеңінде «KazRobotics» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехник федерациясының Атырау филиалының директоры Асқар Алдан, әлеуметтік кәсіпкер, BilimHub ЖШС негізін қалаушы Шарбат Бисалиева, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асхат Чукуров, Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Қансұлу Өтепқалиева, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор Ләйлә Қойшығұлова жобалардың таныстырылымын тыңдап, әділ төрелік етті.
Финалға өткен 7 жоба:
1.Айгерім Бимурзина– “Phyto Кожа” жобасы;
2.Қарақат Сакенқызы – “Шандоз” жобасы;
3.Гүлнұр Сапидоллаева – “Al.ash” балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық блокнот;
4.Аружан Сатым – «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдығына арналған эпоксидті шайырдан жасалған естелік бұйымдар»;
5.Мұхамедрахман Танатар – “EcoMap” жобасы;
6.Гүлзада Дашева – “ConnectUp Project” жобасы;
7.Ришат Рашитов – “АБИС LibAU” Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің электронды кітапханасын жаңғырту мен кеңейту жобасы.
Байқау нәтижесінде:
1. 1 000 000 тг - Аружан Сатым «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдығына арналған эпоксидті шайырдан жасалған естелік бұйымдар»;
2. 1 200 000 тг - Қарақат Сакенқызы “Шандоз” жобасы;
3. 1 400 000 тг - Айгерим Бимурзина “Phyto Кожа” жобасы;
4. 6 500 000 тг - Ришат Рашитов “АБИС LibAU” жобасы.
Шара соңында, университет басшылығы алдағы уақытта да студенттер мен жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, олардың идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасайтынын атап өтті.
StartUp 2025 – жаңа идеялар алаңы!