Media Image

7 наурыз 2025

Ланкаран мемлекеттік университетінің ректоры қазақстандық студенттермен кездесті

Әзірбайжанның Ланкаран мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Натиг Ибрагимов қазақстандық студенттермен кездесу өткізді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Әзірбайжанның Ланкаран мемлекеттік университетімен 2023 жылдан бері серіктестік орнатып келеді. Әріптестік аясында екі қазақстандық студент 2024-2025 оқу жылының көктемгі маусымында семестр бойы ЛМУ-да оқуын жалғастырады.
Кездесуде ректор Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы берік байланыстарға, ЛМУ делегациясының Қазақстанға сапарларына және елдегі жоғары оқу орындарымен жасалған ынтымақтастық туралы келісімдерді сөз етті. Сондай-ақ, 4 наурызда ADA университетінде өткен «Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту» атты дөңгелек үстелдің негізгі тақырыптарын талқылады. Профессор студенттердің алғашқы әсерлерімен, тәжірибелерімен және Әзірбайжанда оқу барысы туралы мәселелерге қызығушылық танытты.
Қазақстандық студент Сабина Уалиева Ланкаран мемлекеттік университетінде оқу мүмкіндігіне көңілі толатынын айтса, Диана Абрашова академиялық ортаның студенттер үшін қолайлы екенін жеткізді. Студенттер курстардың ағылшын тілінде жүргізілетінін және мұғалімдер мен студенттердің орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергендіктен қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы болғанын атап өтті.
Кездесу соңында біздің студенттерге ректор Натиг Ибрагимов «Ректорлық ынталандыру стипендиясын» ұсынды. Білім алушылар профессор Натиг Ибрагимовке қонақжайлылық танытып, оқу барысында жасалған жағдай мен қолдаулары үшін шексіз ризашылығын білдірді.