
17 ақпан 2025
Академик Е.Бөкетовтың металлургия және химиялық технология саласындағы зерттеулері талқыланды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “академик Е.Бөкетовтың металлургия және химиялық технология саласындағы зерттеулері” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Жаратылыстану ғылымдары факультетінің профессор-оқытушылары мен магистранттары, Атырау облыстық білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
“Евней Бөкетов - жаратылыстану ғылымдарынан бөлек, әдебиетке де үлесін қосқан іргелі зерттеуші. Ол - И.Васильенко, С.Есениннің еңбектерін қазақшалаған талғампаз аудармашы, романдар мен спектакльдерге сыни мақала жазған үздік сыншы, әрі публицист”,- деп нақтылап өтті Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Арман Жұмағазиев.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасының 1-курс магистранттары “Е.А.Бөкетовтың өмірбаяны”, “Е.А.Бөкетовтың аудармалары”, “Е.А.Бөкетовтың тұлғалық қасиеті”, “Е.А.Бөкетовтың өмірі, ғылымға қосқан үлесі”, “Е.Бөкетовтың өмірі мен шығармалары”, “Академик Е.А.Бөкетовтың металлургия және химиялық технология саласындағы зерттеулері” тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.
Жиын соңында қатысушылар айтылған баяндамалар, көтерілген мәселелер төңірегінде пікір алмасып, Е.Бөкетовтың 100 жылдығымен құттықтады.