
15 қараша 2024
Әлкей Марғұланның Қазақстандық ғылымды дамытудағы рөлі
15 қараша, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде археолог, академик Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Ә.Х.Марғұланның Қазақстандық ғылымды дамытудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті.
Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде тарих ғылымдарының докторы, профессор Ұлжан Ахметова - «Ә.Марғұланның Сарайшықтағы зерттеулері: мұрағат құжаттары негізінде», тарихшы-педагог білім бағдарламасының 1 курс магистранты Нұржамал Наурызова - «Әлкей Марғұлан және Қазақстан археологиясының қалыптасуы: зерттеулері мен жаңалықтары», "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері, археолог Жүніс Байғалиев - «Ортағасырлық Сарайшық монеталарының иконографиясы мен эпиграфикасы: мәдени-тарихи маңызы», тарихшы-педагог білім бағдарламасының 2 курс магистранты Дәурен Қуандықов - «Әлкей Марғұлан зерттеулеріндегі Сарайшықтың мәдени мұрасы», 4 курс студенті Аида Ғалымжанқызы - «Әлкей Марғұлан-шоқантанудың негізін қалаушы», 2 курс студенті Нұрсила Адилова - «Ортағасырлық Сарайшық қалашығында жүргізілген археологиялық оқу-танысу тәжірибесінің нәтижелері» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Дөңгелек үстел жиына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, өңірдегі қазба жұмыстарында тың деректер тауып жүрген белгілі археолог Амангелді Зайнов модераторлық жасады. Жиын соңында қатысушылар баяндамашылраға сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлерін орта салды.