Ұстаз мектебі

18.02.2026 412

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернаты. 2021-2026  жылдары

        2021-2022 оқу жылында ашылған мектептің негізгі мақсаты:

Шынайы сауаттылық – бұл өмірді білу, таңдаған мамандықты терең меңгеру, өмірлік сұраныстарға жауап беретін қабілетті тұлғаларды қалыптастыру. 2021-2025  жылдары аралығында Атырау облысының жеті ауданы бойынша мектепке 250 оқушы қамтылды негізінен: жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары қамтылды.

         Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Исатай, Индер, Қызылқоға аудандары әкімшілігі мен білім бөлімі, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері жетекшілерінің қатысуымен Университет ректоры, аудан әкімі арасындағы  меморандумға қол қойылды.

 Облыс аудандары бойынша 40 оқушы қамтылған Махамбет ауданы болып есептеледі.

    

 

Ауыл балаларына деген қамқоршылықты Атырау университеті танытып отырғаны рас. Ұл балаларға арналған мектепте негізінен тек қана ауыл балалары оқиды. Жатақхана тегін, 5 мезгіл тамақ тегін, ҰБТ курстарына тегін дайындау. Осы мәселенің барлығын Университет ректоры Саламат Нұрмуханұлы шешіп отыр.

 

 

 2021-2022 оқу жылында осы мектепке түскен түлектер, ЖОО аяқтап, облыс, қала, аудан мектептеріне келеді. Сол жылғы 38 оқушының 35-і ұстаздық мамандықты таңдаған. Бұл үлкен көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде сараптама жасағанда «Ұстаз» мектебін аяқтаған оқушылар ЖОО-да үлгілі аяқтап, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет мемлекеттерде оқып жатса, дуалды жүйе бойынша 4 курс студенті Ғалимов Бектөре, өзі оқыған «Ұстаз» мектебінде қызмет атқаруда.

Мектепте қамқоршылық кеңесі, әлеуметтік серіктестер, қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық орталықтары мен келісім-шарт негізінде жұмыс жасайды. 2022-2023 оқу жылында мектепке медициналық кабинет жабдықтап берді, Бұл да әлеуметтік серіктестеріміздің қамқорлығы. 2025 оқу жылының жарты жылдық қорытындысы бойынша «Былина» этно-мәдени орталығының жетекшісі А.А.Кораблев біздің  облыстық олимпиада жүлдегерлерін өз атынан қаржылай марапаттады (12 оқушы марапатталды).

Негізгі мақсат: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) қағидаттарына сәйкес «Аштық пен» - «Қайыршылықты жою», «Су» мәселесі, «Тегін білім алу» мәселелері толық қамтылған, бұл мақсатта: 5 мезгіл тамақтану, тазалағыш арқылы сумен қамту. Тегін Ұлттық Бірыңғай тестке дайындауды. «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-Ректор 5 жылдай уақыт бойы осы мәселені шешіп келеді.Мектепке қабылданған оқушылар міндетті түрде санитарлық нормаларға сәйкес, дәрігерлік анықтамадан өту, емдәм шараларын алу құжаттары арқылы тіркеледі.

 

 Ауыл балаларын тегін тамақ пен жатын орындарымен қамту, тегін оқыту одан әрі Атырау университет мен Халықаралық ЖОО орындарына түсіп, қаржының қайтарымы сол деуге болады. Студенттер 100% жұмысқа орналасу нәтижесіне қол жеткізеді.

Биыл және әр жыл сайын оқу аяқтаған түлектермен «Жарқын жүздесу» кеші әдетке айналған мектепке оқушылар мен ата-аналар өте риза. Атап айтқанда, көп балалы ата-аналар жылда бір-бір баладан осы мектепке алып келіп оқытуды әдетке айналдырған, себебі жанұя қаржысын үнемдеу ғана емес, ол материалдық шығындарды азайту көзі екені айтпаса да түсінікті, екінші жағынан ауыл адамы үшін табыс көзі мектеп, аурухана, бала-бақша болса, балаларының елге елге дипломмен оралатынына, тек қана оралып қана қоймай, мемлекеттік қызметтерге орналасуына үлкен мүмкіндік ашқан мектеп екенін ерекше атап өтті. Мектепке қабылдауға сұраныстың артуы осының айғағы. 2026-2027 оқу жылынан бастап, қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізу көзделуде. Бұнда жалпы мұғалім болатын ер балаларды ауылдық округтер аудандық білім бөлімдері арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын қабылдауға басымдық береді және ауыл мектептеріне «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша, негізгі механизм болып табылады. Тұлға болып қалыптастыруда мәдени шаралар мен кездесулер, спорттық сайыстар еш уақытта назардан тыс қалған емес, аталғандай 10 ақпан күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-Ректор С.Н.Идрисовпен кездесті.

«Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылар форумы» байқауының облыстық кезеңінен 10 «А» сынып оқушысы Нұрболатұлы Алмас Республикалық кезеңге жолдама алды.