Психологиялық қызмет көрсету орталығы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Психологиялық қызмет көрсету» орталығы университеттің барлық білім алушылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ білім беру үдерісінің қатысушыларына құпия түрде және тегін көмек көрсетеді.
Орталықтың негізгі қызметі – университетте қолайлы психологиялық орта қалыптастыру, студенттер мен оқытушылардың психикалық денсаулығын нығайту, студенттердің тұлғалық әлеуетін дамыту және күрделі өмірлік жағдайларда психологиялық қолдау көрсету. Психологтар жеке және топтық кеңес берулер өткізеді, психикалық саулық туралы ақпарат ұсынады және ауыр эмоционалдық жағдайларда бағдар алуға көмектеседі.
Сондай-ақ орталықта жеке және топтық психодиагностикалық зерттеулер жүргізіліп, жатақханаларда және факультеттік топтарда тренингтер ұйымдастырылады. Апта сайын студенттерге, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне арналған өзекті тақырыптар бойынша ашық тренингтер, ақпараттық кездесулер және тесттік диагностикалар өткізіледі.
Психологпен кеңес әртүрлі форматта жүргізіледі:
- Офлайн қабылдау;
- Онлайн (аудио/бейне байланыс);
- Сенім телефоны арқылы кеңес беру.
Мекенжайы: 1 оқу ғимараты, 1-қабат, 109-кабинет
Сенім телефоны: 8 (7122) 27 63 40, 8 (776) 064 10 69
Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 09:00–18:00
Электрондық пошта: psychological.service_22@mail.ru
Қосымша ақпаратты Instagram парақшасынан (psy_atyrauuniversity) таба аласыз.
Психологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері
Исатайқыз Бибінұр Сагинбаева Анар Жуматовна
Бас маман-психолог Бас маман-психолог