Артқа
Аралбаев Алпысбай Сейткалиевич
Кафедра меңгерушісі , педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы
Өмірбаян
«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі.
АРАЛБАЕВ Алпысбай Сейтқалиұлы - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. 1961 жылы 8 наурызда Атырау облысы, Жылыой ауданының Сарға поселкесінде дүниеге келген.
1967-1977 жж Доссор поселкесіндегі В.Г.Белинский атындағы орта мектебін аяқтаған.1978-1982 жж Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтының «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша еркін күрес оқытушы-жаттықтырушысы бөлімін бітіріп шыққан.1982 жылы Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Гурьев педагогика институтының спорт пәндері кафедрасына жұмысқа оқытушы ретінде қабылданып, алғашқы еңбек жолын бастаған.
1984-1986 жж «Спорт пәндері» кафедрасында оқытушы қызметін атқарған. 1986 – 1988 жж институт ғылыми кеңесінің шешімімен Москва қаласындағы орталық Ленин Орденді мемлекеттік дене тәрбиесі институтына ғылыми стажировкаға жіберіліп, «Күрес» кафедрасына педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.А.Пилоянның жетекшілігімен стажер-зерттеуші болып қабылданған. 1988-1991 жж Москва облысының мемлекеттік Дене тәрбиесі институтының аспирантурасына түсіп, «Начальное обучение борцов с учетом смысловой структуры противоборства» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын ойдағыдай қорғап, аспирантурасын аяқтаған.
1992 жылы «13.00.04 - Спорттық жаттықтырулар, сауықтыру және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды. 1999 жылы Қазақстан Республикасының жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.
1992-2004 жж - Дене тәрбиесі факультеті деканының орынбасары, сырттай оқыту факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылы спортшыларды даярлаудағы жеткен жетістіктері үшін «Самбо» күресінен Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушысы атағы берілді.
2005 - 2007 жж «Спорт пәндері» кафедрасының профессоры, 2007–2020 жж аралығында жалпы университеттік «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2020 жылдың наурыз айынан бастап «Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалып, қазіргі уақытта жұмыс атқарып келеді.
2021 жылы Білім және ғылым саласындағы сапамен қамтамасыз ету комитеті шешімімен педагогика профессоры атағы берілді.
Марапаттары:
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы «Төс белгісі» (2009) ж.
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2011) ж.
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми – практикалық орталығының «Төс Белгісі» (2015) ж.
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төс белгісі (2016) ж.
- Университет дамуына қосқан үлесі үшін «Төс белгісі» (2021) ж.
- Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Төс белгісі» - 21.10.2024 ж.