Артқа
Бисембаева Тоты Жұмажановна
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Бисембаева Тоты Жумажановна - аға оқытушы, магистр. 1978 жылы Гурьев облысы, Эмба ауданы, Құлсары поселкесінде дүниеге келді.
1995 ж. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары поселкесінде А.С.Пушкин атындағы № 6 орта мектебін қызыл аттестатпен аяқтады.
1995 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Филология» факультеті «Русский язык и литература» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1999 жылы аталған мамандықты бітірді.
1999 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік универстетінің «Психология» кафедрасына стажер-оқытушы қызметінен бастады.
2013ж. 6М010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2015 жылы аталған мамандық бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне иеленді. 2024ж. академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті 6В01110- Педагогика және психология мамандығын аяқтады.
Кафедра жанынан әр жылдары 5В050300-Психология, 7М01101- Педагогика және психология білім бағдарламасының эдвайзер және куратор қызметтерін атқарды. 6В03101-Психология білім беру бағдарламасының академиялық комитетінің мүшесі.
Қазақстан республикасының Психолог кодексіне өзгерістер мен ұсыныстар беруіне өз үлесін қосты.