Артқа
Омарова Гүлжазира Рузайқызы

Омарова Гүлжазира Рузайқызы

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Омарова Гүлжазира Рузайқызы – аға оқытушы, магистр. 1985 жылы 23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ақтас ауылында дүниеге келген. 2006 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (Петропавл қ., ҚР) «Педагогика және психология» мамандығы бойынша сәтті аяқтады, 2012 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде (Омбы қ., РФ) «Педагогика» («Жоғары білім» бағыты) мамандығы бойынша магистр дипломын алды. Еңбек жолын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасында оқытушылық қызметтен бастап, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары міндетін атқарды (2006-2011жж.); кейіннен тұрмысқа шығып, Атырау қаласына көшу себепті Атырау мұнай және газ институтына магистратура бөлімінің маманы, оқу-әдістемелік басқарма маманы міндеттерін атқарды (2011-2016жж.); 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Психология және педагогика» кафедрасында аға оқытушысы болып жұмыс істейді. 20 шақты ғылыми-әдістемелік бағыттағы мақалалары республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді. 2023 жылы «Жастар арасында мамандық таңдауды футурологиялық зерттеу» тақырыбындағы университетішілік жобаға (жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Л.Е.Қойшығұлова) мүше бола отырып, аталмыш жоба аясында футурологиялық зерттеулер жүргізді.