Артқа
Ризуанова Анар Катимоллаевна
педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы
Өмірбаян
Ризуанова Анар Катимуллаевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1972 жылы 29 тамыз күні Гурьев (Атырау) дүниеге келді.
1989 жылы Индер ауданындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті бітірді және сол жыл Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жұмыс жасайды.
Педагогика ғылымдарының кандидаты (2009), қауымдастырылған профессор, "Инновациялық оқу орындарында дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық шарттары" тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (шифр 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика жәнебілім беру тарихы, этнопедагогика).
Қазақстан Республикасы Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі (2016).
1990 жыл Атырау педагогикалық институтының "Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту" факультетіне түсіп, "Мектепке дейінгі педагогика және психология оқытушысы" мамандығын алды (1994).
Педагогика кафедрасының оқытушысы (1998), жалпы және халықтық педагогика кафедрасының аға оқытушысы (2000-2014), мектепке дейінгі және бастауыш білім беру психологиясы және педагогикасы кафедрасыныңаға оқытушысы (2014-2017), психология және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, "Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, қауымдастырылған профессор (2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
Республикалық және халықаралық конференциялар материалдарында, шетелдік басылымдарда, ЖАК тізіміне кіретін журналдарда мақаласы бар.
Бірнеше рет Білім және ғылым министрлігінің комиссиясының құрамында мүше болды: Ұлттық бірыңғай тестілеу, Ұлттық тестілеу орталығы (сараптау комиссиясы), т.б.
2002 жылы педагогика тарихы бойынша (жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері үшін) "Қазақ педагог-ағартушылары" атты әдістемелік құралдың авторы.