Артқа
Сабыров Айдар Рамазанұлы

Сабыров Айдар Рамазанұлы

доцент

Өмірбаян

Сабыров Айдар Рамазанұлы - аға оқытушы, академиялық доцент. 1962 жылы 6-шы қарашада Гурьев облысы, Балықшы ауданы, Дамбы ауылында дүниеге келген. 1980-ші жылы Гурьев педагогика институтының тарих-филология факультеті, тарих және құқықтану бөліміне оқуға түсіп, 1985-ші жылы тарих, қоғамтану және құқықтану пәнінің мұғалімі біліктілігі бойынша үздік дипломмен бітірді. 1985-1993 жылдары Гурьев облысы, Балықшы ауданындағы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалім, әскери жетекші, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1986-1987 жылдары Қызыл Тулы Орта Азия әскери округінде азаматтық міндетін орындады. 1993 жылдан бері Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, жалпы және халықтық педагогика, педагогика, психология және педагогика кафедраларында оқытушы, аға оқытушы, академиялық доцент, сеньор-лектор болып еңбек етіп келеді. Айдар Рамазанұлының «Халықтық педагогика негізіндегі адамгершілік, имандылық тәрбиесі» (2001), «Білім мен тәрбие бастауы» (2003), «Педагогикадан мемлекеттік аттестация бағдарламасы» (2004), «Білім. Тәрбие. Тарих» (2014),«Ұлықты ұстаздан-ұстамды ұрпақ»(2020), «Тұлға: тану һәм таныту»(2024) атты оқу құралдары мен ғылыми-танымдық жинақтары жарық көрді. Республикалық басылымдарда 100-ден астам мақаласы жарияланды. А.Р.Сабыров университет пен кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәлім-тәрбиелік жұмыстарына белсене араласады. 2000-2006 жылдары университет кәсіподақ комитетінің мүшесі болды. 2005 жылдан бері Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.