Артқа
Муталиева Дәреже Рашидовна

Муталиева Дәреже Рашидовна

п.ғ.к., доцент

Өмірбаян

Мүтәлиева Дәреже Рашидқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1957 ж. 16 қаңтарда Атырау облысы, Балықшы ауданы, Жұмыскер аулында дүниеге келген. 1974 ж. Атырау облысы Балықшы ауданындағы № 23 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепбін аяқтаған. 1978 ж. Алматы қ. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетінің «Педагогика және психология (мектепке дейінгі)» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1980 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еңбек жолы аға лаборант қызметінен басталды, кейін ассистент, аға оқытушы, доцент қызметіне ауысты. 2001-2005 жж. Атырау университетінің кәсіптік және өндірістік практика жетекшісі қызметін атқарды. 1989 ж. Ы.Алтынсарин атындағы ПҒ ҒЗИ-ның аспирантурасын аяқтаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. 1993 ж. Мәскеу мемлекеттік ашық педагогикалық институтында (Мәскеу қ.) кандидаттық диссертациясын қорғады. 2003 ж. ҚР БҒМ Жоғары аттестаттау комиссиясы «Педагогика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын берді. 2007 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру Институтында «Жалпы психология» мамандығы бойынша курсты аяқтады. 2015 ж. Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген тренерлерді даярлау курсын аяқтаған. Жыл сайын халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, форумдарға, семинарларға, тренингтерге, курстарға қатысады. 45 сертификат пен диплом иегері. Дәреже Рашидқызының 80-нен астам оқу құралдарының, ғылыми-әдістемелік жинақтарының, мақалаларының авторы. «Мектептегі психологиялық практика» (1999 ж.), «Психология бойынша практикалық сабақтар» (2000 ж.), «Педагогика бойынша дәстүрлі емес сабақтар» (2001 ж.), «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі білім беру мекемелерінің қызмет жүйесі» атты және т.б. ғылыми жинақтары жарық көрді.