Артқа
Сабирова Жаңылсын Нұрмұханқызы

Сабирова Жаңылсын Нұрмұханқызы

пc.ғ.к., доцент

Өмірбаян

Сабирова Жаңылсын Нұрмұханқызы – психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1961 жылы 9 қыркүйекте Гурьев (Атырау) қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Гурьев педагогика институтының биология-химия факультетінің «биология және химия пәнінің мұғалімі» мамандығын, 2016 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «дефектолог-логопед» мамандығын үздік дипломмен бітірді. Педагогикалық қызметін 1983 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін– Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жасап келеді. Еңбек жолын психология кафедрасының оқытушысы қызметінен бастап, психология және педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры болып еңбек етіп келеді. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д.14А02.32 диссертациялық кеңесінде «М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары» атты диссертациялық жұмысты қорғады, 2006 жылы бекітілді (1.07.2006ж.№10хаттама). 2011 жылы 26 ақпанда (№2хаттама) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен психология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. 2007-2009 оқу жылдарында психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2018 жылғы «ЖОО ның үздік оқытушысы» атағының иегері атанды. Республикалық және халықаралық ғылыми басылымдарда 150-ден астам мақалалары Scopus, Web of Science, РИНЦ, ҚР ҒЖБ БҒСБК журналдарында, 2 монография, 6 оқу құралы мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді, 2 оқу құралдарына авторлық куәлігі бар. 50-ден аса магистрлік диссертацияға жетекшілік етті.