Артқа
Нурмукашева Салима Кайыржановна
п.ғ.к., профессор
Өмірбаян
Нурмукашева Салима Қайржанқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
1950 ж. 8-желтоқсанда Гурьев (Атырау) қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген, 1968 ж. қаладағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген, 1969 ж.аль-Фараби (С.М.Киров) атындағы университетке түсіп, 1974 ж. Министрліктің жолдамасымен №101 Гурьев кәсіптік-техникалық училищеде тарих пәнінің мұғалім болған.
1977 ж. Гурьев педагогикалық институттының практика бөлімінің меңгерушісі, 1979-1988жж педагогика және психология кафедрасында мұғалім, аға мұғалім болған.
1981-1982 жж АПН (Москва) стажеровкадан өтіп танымал психологтар В.А.Крутецкий, М.Г.Ярошевскийден т.б. ғалымдардан дәріс алған.
1985-1988 жж КР.Ы.Алтынсарина атындағы ғылыми зерттеу институтының күндізгі бөлімінің аспирантурасын бітіріп «Развитие военно-патриотического воспитания старшеклассников в школах Казахстана» (1960-1985жж) диссертациялық жұмысын қорғап 13.00.01-педагогика ғылымдарының кандидаты атағына ие болған. Кейін ҚР ЖАК -нің шешімімен 19.00.01. -психология ғылымының доценті атағын алған.
Аспирантурадан кейін 1988-күні күні бүгінге дейін «Психология және педагогика» кафедрасының аға мұғалімі, доцент, қауымдастырылған профессоры.
1992-1999 жж аралығында психология кафедрасының мекгеруші болып, алғаш кафедрада «ПиП» және «Психология» мамандығы бойынша мамандар даярлап, түрлі кәсіби мекемелерімен, мектептермен байланыс орнатып, студенттерді педагогикалық, өндірістік практикадан өтуді тәжірибеге енгізген. 2000 жылға дейін жеке өз тарапынан 30-35 «Сот психологиялық сараптамалар» берген.
2000-2004 оқу жылдар аралығында «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының меңгерушісі; 2005-2008 жж Атырау университетінің 13.00.01.диссертациялық кеңесінің жанынан құрылған «Ғылыми-методологиялық семинардың» төрайымы болған. 2014-2020 жж «Кәсіби оқытуда пед-психологиялыө технологиялық зертхананы» басқарған.
2015ж. Францияда Nise университетінде, 2018 ж .Бухарест университетінде білімдерін жетілдірген. 2017ж. Республикалық «Дін және әйел» атты форумға қатысқан.
Ғылыми-әдістемелік еңбектері: «Өзіңізді білесіз бе?»(1999ж) ; «Сот-психологиясабирлық сараптама» (1999ж); «Практикалық психология» (2000ж); «Мамандану практикумы» оқулық (2014ж); «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларындағы психология мәселері» монография (2019ж); «Психологиялық-педагогикалық зертхана кәсіби білімді жетілдірудің құралы» (2022ж); «Жеке тұлға диагностикасы» (1920ж); «Заң психологиясы және құқық қорғау органдағы психологиялық қызмет» оқулық (2025ж) және 40-60 жуық мақалалардың авторы.