Артқа
Тлеуова Алия Сейтжановна
педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы
Өмірбаян
Тлеуова Алия Сейтжановна 2014 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті магистратурасын «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
2017 жылдан бастап Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасында магистр, аға оқытушы қызметін атқарып келеді.
Ғылыми мақалалары республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында, сондай-ақ «Хабаршы-Вестник» ғылыми-әдістемелік журналында жарияланған.
А.С. Тлеуова кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. 2019 жылдың 29 сәуірі мен 21 маусымы аралығында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысқан. Сонымен қатар, Францияның Пуатье қаласындағы Poitiers University университетінде Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткен.
2018-2021 жылдар аралығында British Council және NCOC компаниясының «Remote Teaching English» жобасына қатысты. Сондай-ақ British Council және FutureLearn онлайн курстарынан сертификаттар алған.
Конкурстық іріктеу нәтижесінде 2019 жылдың 15–26 шілде аралығында Ұлыбританияның Эдинбург қаласындағы Edinburgh College жазғы мектебіне қатысып, кәсіби тәжірибесін жетілдірген.
2020 жылы TOEFL ITP халықаралық емтиханын тапсырып, 503 балл жинаған.