Артқа
Испанова Эльмира Жумабаевна

Испанова Эльмира Жумабаевна

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Испанова Эльмира Жумабековна – сеньор-лектор, магистр. 1986 жылы 17 маусымда Гурьев (қазіргі Атырау) қаласы, Рембаза ауылында дүниеге келген. 2004 – 2008 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алып, 2008 –2010 жылдары осы мамандық бойынша магистратурада білімін жалғастырып, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленді. Еңбек жолында бастауыш білім беру педагогикасы, оқыту әдістемесі, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағыттарында ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізіп келеді. Ғылыми-педагогикалық қызметі барысында облыстық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарлар мен әдістемелік жобаларға белсенді қатысып, Халықаралық Scopus, Web of Science деректер базасында және Қазақстан Республикасының БҒСҚК ұсынған ғылыми басылымдарда бірнеше мақаласы жарияланған. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу және инновациялық жобалар аясында университетішілік 2023-2024 оқу жылында «Педагогикалық бағыттардың білім беру бағдарламалары бойынша контингентті қалыптастыру шеңберінде университет кадрларының ерте кәсіптік бағдарлау қызметінің тетігін жетілдіру», 2025-2026 оқу жылында «Инновациялық білім беру экожүйесі: мектепке дейінгі балалардың ерте дамуын STEM, экология және цифрлық технологиялар интеграциясы негізінде жетілдіру» атты ғылыми жобаға қатысып инновациялық тәжірибелерді зерделеу жұмыстарымен айналысты.