Артқа
Маратова Асель Мараткызы
Педагогика ғылымдарының магистрі (2019 ж.), аға оқытушы.
Өмірбаян
2014 ж. Каспий қазіргі колледжін «Аударма ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2019 ж. аталған университеттің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, «Жаңғыртылған білім беру жүйесінде студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің психологиялық-педагогикалық шарттары» тақырыбында диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының магистрі атағын алған.
2019 жылдың қыркүйегінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ағылшын және француз тілдерінің оқытушысы болып жұмысқа қабылданды. 2022 жылдың 1 қарашасында Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы қызметіне тағайындалды.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Көптілді білім беру факультетінің стратегия және ғылым жөніндегі декан орынбасары болып тағайындалды, ал 2024 жылдың 5 қыркүйегінде өз еркімен қызметінен босады. Кейін қайтадан Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы болып тағайындалды.
2022 жылдан бері аудармашы студенттерге Аудиовизуалды аударма пәнін жүргізіп келеді.