Артқа
Иманғалиева Салтанат Жеңісқызы

Иманғалиева Салтанат Жеңісқызы

магистр, сеньор-лектор

Өмірбаян

Иманғалиева Салтанат Жеңісқызы (туған күні: 28.09.1983 ж., Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы) 2000 жылы Атырау қаласындағы Ф. Досымова атындағы №12 орта мектепті тәмамдаған. 2000 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2004 жылы аталған университетті «шетел тілі (ағылшын) мұғалімі» біліктілігі бойынша аяқтаған. 2019 жылы магистратураны сәтті аяқтап, «Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғап, 6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасында магистр, сеньор-лектор қызметін атқарып келеді. Қазіргі уақытта еңбек өтілі 20 жылды құрайды. Қазіргі уақытта бакалавриат деңгейінде келесі пәндерді жүргізеді: Базалық шетел тілі (А1, В1, В2 деңгейлері), Ілеспе аударма технологиясы, Құрылыс мәтіндерін аудару практикасы. 2025 жылдың ақпан айында Францияның Париж қаласында 5–9 ақпан аралығында өткен Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша XI Халықаралық Париж конгресіне офлайн форматта қатысып, «Заң терминологиясындағы баламасыз бірліктерді есепке алу: мультидисциплинарлық тәсіл» тақырыбында баяндама жасаған.