Артқа
Демешова Гүлмира Өтемісқызы

Демешова Гүлмира Өтемісқызы

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Демешева Гульмира Утемисовна – сеньор-лектор, магистр. 1975 жылы 28 қазан күні Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. 1992–1996 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы бойынша мектепке дейінгі педагогика және психология оқытушысы, бала-бақшаның әдіскері біліктілігін алды. 2012-2014 ж.ж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқып, педагогика ғылымдарының магистрі атағын алды. 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін И.Арабаев атындағы Бишкек мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқып, 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика тарихы және білім беру мамандығы бойынша 2022 жылы «Формирование основ здоровъесберегающей компетентности у детей старшего дошкольного возраста» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, 2023 жылғы 2-ші наурызда Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты Ұлттық аттестациялық комиссиясының шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. 1997 жылдан бастап – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. 2005–2013 ж.ж. – «Психология» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет етті және қосымша ғылыми-әдіснамалық семинар хатшысы жұмысын атқарды, 2020 жылдан бастап «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, магистр және Инновациялық білім беру факультетінің оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары болып қызмет етіп келеді. Бүгінгі таңда университет деңгейіндегі түрлі кеңес және жұмыс топтарының мүшесі (университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі, факультеттің Ғылыми Кеңесінің, білім беру бағдарламаларын әзірлеу тобы мүшесі) болып табылады. Еңбек жолында 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген, оның шетелдік ғылыми «Wеb of Scence» және «Scopus» журналдарында және ҒжЖБССҚК журналдарында мақалалары жарияланып жарық көрді.