Артқа
Мугауина Райхан Улжагалиевна

Мугауина Райхан Улжагалиевна

Оқытушы

Өмірбаян

Білімі. Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (2001ж.), Алматы қаласы. Халықаралық мамандықтар институты (2004ж.), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (2007 ж.), Атырау мұнай және газ институты (2011ж.) 6M050600 «Экономика және бизнес магистрі». 2008-2017 жж., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тіркеу бөлімінде "Экономика және құқық" факультетінің офис менеджері. 2020 ж. бүгінгі күнге дейін Экономика кафедрасында PhD., қауымдастырылған профессор қызметінде. 2017- 2020 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 6D050600- Экономика докторантурада оқыды. 2022 ж. 6D050600- Экономика бағыты бойынша «Аймақтың инновациялық экономикасында даму полюстерін қалыптастыру» (Атырау облысының материалдары негізінде) деген тақырыпта докторлық диссертациясы қорғалды. 2023 жыл – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің (қауымдастырылған профессор ) ғылыми атағы Ғылыми қызығушылықтары: инновациялық экономика, нарықтық инфрақұрылым, өндірісті ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы, аймақтың дамуы, инновациялық жобалар, инновациялық өсу полюстер. 30-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 3 - авторлық куәліктің иегері, 2 оқу құралы, Scopus және Web of Science базасындағы жоғары импакт факторлы ғылыми журналдарында 6 ғылыми мақалалары жарияланды (һ-3). 10-нан астам мақаласы БҒМ БҒСҚК бекіткен журналдарда жарыққа шықты. Іргелі зерттеулер бағдарламалары бойынша ғылыми гранттар: 1. 2025 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми техникалық кеңесінде мақұлданған «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың еңбек нарығына кіріктірілуінің экономикалық әсері» атты ғылыми — зерттеу жобасы. 2025 жылғы 01 сәуір – 2026 жылғы 31 наурыз аралығына жүзеге асыру үшін 3.500.000 теңге мөлшерінде грантқа ие болды. Оқылатын курстар:"Инновациялық экономикасы";"Баға белгілеу","Нарықтық инфрақұрылым","Аумақтың маркетингі","Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер". Оқулықтар, оқу құралы."Мемлекет және Экономика: реттеу тетіктері "(2023), "Агроөнеркәсіп кешені экономикасы "(2025). Дюссельдорф университетінде (2013, Германия), Белорусь мемлекеттік экономикалық университеті (2019, Минск) "Орхун" бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлықпен Қоқан университетінде (2023 Өзбекстан) Болашақ бағдарламсының «500 ғалым» жобасы бойынша Ақдениз университетінде ғылыми тағылымдамада (2024,Турция), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректорының алғыс хаты (2015, 2023 ж.), Атырау облысы Әкімінің алғыс хаты (2024 ж.) марапатталған.