Артқа
Бисембиева Жанаргуль Қорғанышқызы

Бисембиева Жанаргуль Қорғанышқызы

Оқытушы

Өмірбаян

Білімі. Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы: 1. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика факультетінің Қаржы және несие мамандығын үздік аяқтады (1996-2000жж.). Біліктілігі: Экономист – қаржыгер. 2. Экономика және бизнес магистрі (2010 ж.), Экономика ғылымдарының магистрі (2015 ж.). Атырау мұнай және газ институты (2009-2010жж.), 3. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 6N0506 – Экономика мамандығы бойынша магистратура бітірді (2012-2014жж.). «Қазақстан Республикасындағы Бірлескен кәсіпорындардың дамуы (Атырау облысы мысалында)» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын (2010ж.)қорғап шықты. 4. 2022 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне 8D04102 – Экономика білім бағдарламасы бойынша докторантура бөліміне оқуға қабылданып, 2025 жылы толық курсты аяқтап шықты. Докторлық зерттеу тақырыбы: «Қазақстанның Батыс аймағындағы адами капиталдың сапасын бағалау» Ғылыми қызығушылығы: Адами капитал және оның сапасы, еңбек нарығының экономикасы, еңбек ақы , жұмыссыздық және жұмыспен қамту, кәсіпорын экономикасы. Жоғары импакт факторлы Scopus және Web of Science базасында ғылыми мақалалары жарық көрген ((һ-1), БҒМ БҒСҚК бекіткен журналдарда ғылыми мақалалары жарыққа шықты, Халықаралық және республикалық ғылыми тәжірибелік, ғылыми теориялық конференция жинақтарында 25 тен аса ғылыми мақалалары жарық көрген. Іргелі зерттеулер бағдарламалары бойынша ғылыми гранттар: 1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті грантына ие болған АР08956950 «Қазақстан Республикасында белгісіздік жағдайындағы жұмыссыз жастарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми жобаның жұмыс тобында аға ғылыми қызметкер болып, ғылыммен айналысты(2020-2021жж.) 2. «Инновациялық экономика жағдайында еңбек нарығының дамуы: шетелдік және қазақстандық тәжірибе» тақырыбындағы іргелі ғылыми жұмысының бірлескен жұмыс жетекшісі болып тағайындалды (2018ж.) 3. Республикалық «Менің Арманым» бизнес стартап - жобалар жұмысын 1-ші кезеңін ұйымдастыру алқасының мүшесі болып тағайындалып, ұйымдастыру қызметін атқарды (2018ж.). 4. AP26103857 «Адами капиталдың қосылған құнын экономикалық бағалау және оның өмір сапасына әсері» тақырыбындағы гранттық жоба аясында кіші ғылыми қызметкер. (2025 -2027 ж.) Оқылатын курстар: : «Логистика», «Кәсіпорын экономикасы», «Фирманың экономикалық қауіпсіздігі», «Фирма экономикасы», «Өндәрәстә ұйымдастыру» Оқулықтар, оқу құралы: «Экономикалық теория» оқу әдістемелік құралы жарық көрді (2018ж.) Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде (2000-2022жж.) қызмет атқарды. Экономика және басқару факультетінің оқу-істері жөніндегі декан орынбасары (2009-2010жж.). 2020-2022 жылдар аралығында Экономика және құқық факультеті бойынша стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар бойынша декан орынбасары (2020-2022жж.) Тәжірибе алмасы, шетелдік тағылымдалар: 1. «Орхун» академиялық алмасу бағдарламасы бойынша Өзбекстан мемлекеті, Коканд қаласында шетелдік тағылымдадан өтті.(2022ж.) 2. Словакия, Братислава Экономикалық университеті шетелдік тағылымдамадан өткен (2024 жыл) ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен (2017ж), Атырау облыстық Нұр Отан Партиясының (2017ж.) Атырау қалалық филиалының Алғыс хатымен (2017ж.), университет ректорының мақтау қағаздарымен марапатталған.