Артқа
Қали Рахат Қонысбайұлы
оқытушы
Өмірбаян
Экономика ғылымдарының магистрі, жас ғалым және жоғары білім беру саласындағы болашағы зор оқытушы.
Ол 2001 жылы 4 қаңтарда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетіне «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсіп, 2022 жылы аталған мамандықты сәтті аяқтады.
Сол жылы білімін жалғастыру мақсатында Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына түсіп, 2024 жылы экономика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін иеленді.
Еңбек жолын 2024 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультеті «Менеджмент» кафедрасында оқытушы ретінде бастады. Қазіргі уақытта осы кафедрада қызмет атқарып, білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда.
Ғылыми қызығушылықтары мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, стратегиялық шешім қабылдау сапасын жақсарту және болашақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелерін қамтиды.
Рахат Қонысбайұлы ғылыми ортада белсенділік танытып, халықаралық конференциялар мен ғылыми форумдарға қатысып келеді. Атап айтқанда, 2025–2026 оқу жылының бірінші семестрінде Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өткен «Каспий аймағы дәуірлер мен мәдениеттер тоғысында: орнықты даму парадигмасының сын-тегеуріндері мен перспективалары» атты халықаралық ғылым және білім форумына қатысып, сертификат алған.
Педагогикалық қызметінде бакалавриат деңгейінде «Мемлекеттік басқару теориясы», «Мемлекеттік қызметтегі қақтығыстарды басқару», «Мемлекеттік қызмет этикасы», «Жобаларды басқару» сияқты пәндерден дәріс береді.