Артқа
Муханбетжанова Акмарал Утепбергенова

Муханбетжанова Акмарал Утепбергенова

п.ғ.д., қауымдастырылған профессор

Өмірбаян

Муханбетжанова Акмарал Утепбергеновна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. 1988-1992 жж. Атырау педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығын үздік бітіріп , 1995-1998 жж. Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің аспирантурасында білім алды. 1999 жылы 13.00.01. «Жалпы педагогика, этнопедагогика және білім беру тарихы» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, 2011 жылы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғады. 2010 жылы Педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағын алды. 2012 жылы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Швейцария елінде «Montreux Business School» ғылыми тағылымдамадан өтті. 2017 ж. Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» грантына ие болды. 2018 жылы «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша Германияның Дюссельдорф қаласындағы Генрих Гейне Университетінде «Qualitatsmanagement im Bildungswesen» шетелдік тағылымдамадан өтті. 2018 жылы - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссия құрамында жұмыс жасап, ҚР БжҒ Министрінің алғыс хатын иеленді. 2020 жылдан бері мамандандырылған тәуелсіз аккредиттеу агенттігінің сарапшылар құрамында. 2022 жылдан бастап «Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамында жұмыс жасап, Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ алғыс хаттарын иеленді. Канаданың Simon Fraser университетімен бірлескен «Ерекше қажеттілігі бар балалардың білім беру тәжірибесін бағдарлайтын салыстырмалы зерттеу» тақырыбындағы Халықаралық серіктестік жобаның мүшесі ретінде, 2023-2024 жж. Канада, Түркия елдерінде, Иордания мемлекеті және АҚШ-та зерттеу бағытында тәжірибелермен алмасты. А.Муханбетжанованың негізгі ғылыми еңбектері ҚР бастауыш мектепте білім беру мазмұнын жаңарту, бастауыш білімді интеграциялау, білім берудің әдіснамалық-теориялық негіздері, бастауыш білім мазмұнын жобалау, бастауыш сынып оқушыларының құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми еңбектері шетелдік және Қазақстанның орталық басылымдарында, 2 монография, 15 оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, электрондық оқулықтары жарық көрді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Республикалық Оқу-әдістемелік бірлестігінің, Атырау университеті Ғылыми Кеңесі құрамының мүшесі. «Аманат» партиясының мүшесі.