Артқа
Ермекбаева Айнур Конилхошқызы

Ермекбаева Айнур Конилхошқызы

магистр,аға оқытушы

Өмірбаян

ЕрмекбаеваАйнұр Көңілқошқызы (Атырау облысы, Махамбет ауданы Есбол ауылында 15.10. 1979ж.т.) 1997 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультеті «Экономика және менеджмент» мамандығына оқуға түсіп, 2001 жылы үздік дипломмен бітіріп шықты. Сол жылы «Экономикалық теория» кафедрасына оқытушы-стажер ретінде жұмысқа қабылданды. 2006 жылы Атырау мұнай және газ университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша бейінді магистратурасын, 2014 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген. 2013 жылы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының грантын жеңіп ап, 2013 жылдың 10 ақпаны мен 2014 жылдың 10 ақпаны аралығында Англияның Нортгемптон қаласындағы Нортгемптон университетінде «Оқыту мен тәрбиенің теориясы мен әдістемесі 1.78.Т» бағыты бойынша тағылымдамадан өтті. Ғылыми қызығушылығы: дағдарысқа қарсы басқару, адам капиталы мен HR инновациялар. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені және оқыту семинарларына қатысқаны туралы сертификаттар бар. Ғылыми зерттеулерге арналған мақалалары журналдар мен түрлі деңгейлердегі конференцияларда жарық көрген. Қазіргі уақытта бакалавриат деңгейінде «Микроэкономика», «Экономикалық теория», «Тайм-менеджмент», «HR-менеджмент» және т.б пәндерден сабақ береді. 2025 жылы IELTS Academic халықаралық емтиханын тапсырып, 5.0 балл алды (сертификаттың жарамдылық мерзімі – 2 жыл). ҚАЗТЕСТ емтиханынан 142 балл жинап, C1 деңгейін растады.