Артқа
Дюсегалиева Бакитнур Мухитовна
Кафедра меңгерушісі магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Экономика ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор, жоғары білім беру саласында тәжірибесі мол білікті маман.
Ол 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы осы университетте «Экономика» мамандығы бойынша магистрлік дәрежесін алып, білімін жалғастырды. 2020 жылы Б.Б. Городовиков атындағы Қалмық мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды.
Еңбек жолын 2009 жылы «Kaspi Bank» АҚ Атырау филиалында
бастап, 2013 жылға дейін банк саласында қызмет атқарды. 2013–2014 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Экономика және менеджмент кафедрасында оқытушы-стажер ретінде еңбек етті. 2014–2016 жылдары Менеджмент кафедрасының оқытушысы, 2016–2022 жылдары аға оқытушысы қызметтерін атқарды. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Менеджмент кафедрасының меңгерушісі лауазымында жұмыс істейді.
Ғылыми зерттеу бағыттары агроөнеркәсіп кооперациясының цифрлық модельдерін дамыту мәселелеріне арналған. Оның ғылыми еңбектері отандық және халықаралық басылымдарда жарияланған. Атап айтқанда, мал шаруашылығы экономикасының қазіргі жағдайы, ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды енгізудің тиімділігі, сондай-ақ Қазақстанның аграрлық секторын «жасыл экономикаға» бейімдеу әдістемелері бойынша бірқатар мақалалары жарық көрген.
Бакитнур Мухитовна оқу-әдістемелік жұмыстармен де белсенді айналысады. Ол «Инновациялық экономика негіздері» (2019) және «HR менеджмент» (2022) атты оқу құралдарының авторы. Сонымен қатар экожүйелерді құру стратегиясын әзірлеу және іске асырудың әдістемелік аспектілеріне арналған ғылыми зерттеулер жүргізуде.
Еңбегі еленіп, 2021 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректорының алғыс хатымен марапатталды. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғысына ие болды.