Артқа
Умурзакова Назира Жұматовна
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедрасының профессоры
Өмірбаян
1975 жылы Гурьев педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тілі орыс емес мектептер үшін)» мамандығы бойынша бітірген.
1975–1977 жылдары Гурьев облысы Балықшы ауданының Соколок ауылындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1977–1982 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында тағылымдамадан өтіп, аспирантурада білім алды. 1983 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғап, Гурьев педагогикалық институтына жұмысқа жіберілді.
13 жыл бойы қазіргі орыс тілінің теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта орыс филологиясы кафедрасында профессор қызметін атқарады.
Ғалымның ғылыми қызығушылықтары лингвомәдениеттану, тіл білімі теориясы және екітілді аудиторияда орыс тілін оқыту әдістемесі салаларымен байланысты.
Н.Ж. Умурзакова МАПРЯЛ-дың XIII (Гранада, Испания, 2015 ж.) және XIV (Астана, Қазақстан, 2019 ж.) конгрестерінде, сондай-ақ халықаралық, республикалық, университеттік конференциялар мен дөңгелек үстелдерде ғылыми баяндамалар жасаған.