Артқа
Атаханова Нұрасила Амангелдіқызы

Атаханова Нұрасила Амангелдіқызы

PhD докторант, Қазақ әдебиеті пәнінің сеньор-лекторы

Өмірбаян

(05.12.1968 ж.т., Қарағанды обл. Ұлытау ауд.) Білімі: 1.1986-1991 ж.ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (Алматы қ.) Факультет: Филология Мамандық: Филолог: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы 2. Магистратура М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2012-2014жж: Факультет: Филология Мамандық: 6М020500-Филология. Гуманитарлық ғылымдар магистрі. 3. Докторантура Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 2023-2026 Факультет: Филология Мамандық: 8D01701Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының PhD докторант Жұмыс қызметтері: 1.1991 ж Қазақ ССР Оқу министрлігінің жолдамасымен жас маман ретінде Гурьев педагогикалық институтына жұмысқа қабылданды. Мемлекеттік тілге үлкен мән беріліп алғаш рет ашылған «Практикалық қазақ тілі»кафедрасында 1991 - 2009 жылға дейін оқытушы, аға оқытушы. 2010 жылдан бері «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасап келеді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Қызметі:Көптілді білім беру факультеті декан орынбасары Статусы: PhD докторант, Қазақ әдебиеті пәнінің сеньор-лекторы. Ғылыми қызығулар: Қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихы Ұлттық код және әдебиеттегі сабақтастық Әдебиеттану мен педагогикалық технологиялар синтезі Қазіргі қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихы. Негізгі зерттеу нысаны — XXI ғасыр басындағы прозаның даму динамикасы мен көркемдік трансформациясы. Жаһандану дәуіріндегі ұлттық прозаның жаңа жанрлық формаларын, заманауи кейіпкер концепциясын және постмодернистік сарындарды зерделеуге маманданған. Ғылыми ізденістері әдебиеттегі жаңа эстетикалық бағыттар мен дәстүр сабақтастығын талдауға негізделген. Зерттеу бағыты: XXI ғасыр прозасының поэтикасы. Ғылыми басымдықтары: Қазіргі қазақ романы, постмодернизм, әдебиеттегі антропологиялық бетбұрыс. Миссиясы: Жаңа заман әдебиетінің теориялық негіздерін қалыптастыру және оқыту әдістемесін жаңғырту.