Артқа
Балтоғаева Жайлы Елепқызы
Филология ғылымдарының кандидаты (2003), қауымдастырылған профессор
Өмірбаян
(20.10.1965 ж.т., Атырау обл., Жылой ауд.,Тұрғызба ауылы)
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген (1993). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 1993 жылдан еңбек етеді.
Филология ғылымдарының кандидаты (2003), қауымдастырылған профессор.
Ғылыми еңбектері: «Мағжан Жұмабаев поэмаларының жанрлық-көркемдік ерекшелігі» монография (2015), «Көркем ойдың астары» ғылыми-зерттеу мақалалар жинағы» (2024) және көптеген ғылыми журналдарда жарық көрген мақалалар авторы.
Марапаттары: қала, облыс әкімдігі, университет ректорының Алғыс хаттары, ҚР Білім және ғылым министрінің Алғысы (27.09.2021), Білім және ғылым министрінің Алғысы (08.12.2021), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» (2024) төсбелгісі. Мақалаларыны4 тақырыптары
1. Қазақ әдебиеті тарихындағы өмірмәндік көркем ойдың /экзистенциализмнің/ қалыптасуы.
2. Хандық дәуір поэзиясындағы жалғанның мәні мен мағынасы