Артқа
Абдрахманова Жұмазия Мәжитқызы
Филология ғылымдарының кандидаты (2004ж.), қауымдастырылған профессор.
Өмірбаян
(18.01.1963 ж.т., Батыс Қазақстан обл., Тайпақ ауд.)
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1988ж.).
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 1988 жылдан бері еңбек етеді.
Филология ғылымдарының кандидаты (2004ж.), қауымдастырылған профессор.
Атқарған қызметтері:Тарих-филология факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары(2005-2007), Қазіргі қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі (2007-2014), Көптілді білім беру факультетінің деканы(2016-2017жж.), Көптілді дайындық кафедрасының меңгерушісі(2017-2021жж.), Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (2021-2025жж).
Ғылыми еңбектері: ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған ғылыми жобалар конкурсы грантының иегері (2006ж.); «Атырау облысының жер-су атаулары» сөздігі (2010ж.) және тіл бағыты бойынша ғылыми журналдарда жарық көрген мақалалар авторы.
Марапаттары: Облыстық білім басқармасының, Тілдерді дамыту басқармасының, қала, облыс әкімдігінің грамоталары, университет ректорының Алғыс хаттары, ҚР Ғылым және білім министрлігінің Құрмет грамотасы (2017ж.), Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай мерекелік медалі(2016ж.), «А.Байтұрсынов атындағы Күміс медалі» (2021ж.), «Әбіш Кекілбайұлының туғанына 85 жыл» мерекелік медалі(2024ж.), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2024ж.).