Артқа
Қоянғалиев Еркін Саташұлы

Қоянғалиев Еркін Саташұлы

педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Өмірбаян

Қоянғалиев Еркін Саташұлы — педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі және Еуразиялық одақтың «Құрметті дизайнері». Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қызмет атқарады. 1972 жылы 19 қыркүйекте дүниеге келген. 1989–1994 жылдары «Құрмет белгісі» орденді А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетінде білім алып, «бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу пәндерінің оқытушысы» біліктілігін иеленді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2019–2021 жылдары Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, техника және технологиялар бакалавры дәрежесін иеленді. Еңбек жолын 1994 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде бастап, «Бастауыш мектеп оқыту педагогикасы» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды. Кейін «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды (2001–2004 жж., 2015–2019 жж.). Көпжылдық педагогикалық тәжірибесі барысында жоғары білім беру жүйесінде кәсіби кадрлар даярлауға елеулі үлес қосты. Ғылыми-педагогикалық қызметінде көркем білім беру, педагогика, дизайн, сондай-ақ білім беру үдерісіндегі инновациялық тәсілдер мен кәсіби құзыреттілікті дамыту мәселелеріне назар аударады. Студенттердің ғылыми жобаларына жетекшілік жасап, мектеп мұғалімдеріне ғылыми кеңесші ретінде қолдау көрсетеді, сондай-ақ облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларда сарапшы ретінде қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған курстарға, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасындағы бағдарламаларға, сондай-ақ инклюзивті білім беру, педагогикалық қызмет сапасын арттыру, академиялық жазылым және көркем білім беру саласындағы заманауи бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатысқан. Сонымен қатар «Сарайшық – бабалар мұрасы» жобасы аясында мүсін және кескіндеме бағытындағы шеберлік сабақтарына қатысқан. Көпжылдық еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін бірқатар марапаттарға ие. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты (2014), Мәдениет және архив ісі министрлігінің мақтау қағазы (2015), Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі (2017), сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаты (2021) табысталған.