Артқа
Лұқпанов Айдын Әбілқайырұлы
гуманитарлық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор
Өмірбаян
Лұқпанов Айдын Әбілқайырұлы — гуманитарлық ғылымдар магистрі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының сеньор-лекторы. 1980 жылы 1 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген.
1997–2002 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде саясаттану мамандығы бойынша білім алып, «саясаттанушы, жоғары оқу орындарында саясаттану пәнінің оқытушысы» біліктілігін иеленген. 2016–2018 жылдары С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде 6М020100 – «Философия» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алған. 2018–2021 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D050100 – «Әлеуметтану» мамандығы бойынша PhD докторантурада білім алған.
2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қызмет атқарып келеді. Әр жылдары оқытушы-стажер, оқытушы, аға оқытушы лауазымдарын атқарған.
2007–2008 жылдары Экономика, қаржы және басқару факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 2004–2012 жылдары «Заңғар» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі қызметін атқарды. 2013–2015 жылдары университетте студенттік ғылыми-философиялық «Логос» үйірмесін құрып, жетекшілік етті. 2014–2015 жылдары әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы жанындағы социологиялық зерттеу лабораториясының меңгерушісі болды.
2014–2016 жылдары Атырау облысы әкімдігі аппаратының қоғамдық келісімді мониторинг және талдау бөлімінде аға сарапшы қызметін атқарды. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облысы бойынша ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі.
Оқытатын пәндері: әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану).
Халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған.
Ғылыми еңбектері:
1. Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік стратификация мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулер авторы
2. «Мұнайшылар әлеуметтік-кәсіби топ ретінде» (2020)
3. «Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби сәйкестілігі» (2020)
4. «Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің теориялық-әдіснамалық тәсілдері» (2019)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, облыстық мәслихаттың, қала әкімінің және университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталған.