Артқа
Аймуратов Сағынгерей Болатқалиұлы

Аймуратов Сағынгерей Болатқалиұлы

философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Өмірбаян

Аймұратов Сағынгерей Болатқалиұлы — философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1969 жылы 30 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Атырау қаласындағы №15 Абай атындағы орта мектепті тәмамдаған. 1990–1995 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетінде «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. 2005 жылы философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. 2025 жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алған. Еңбек жолын 1992 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жалғастырып келеді. 2000 жылдан «Философия, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2017–2020 жылдары «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болды. 2021–2022 жылдары Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы қызметін атқарды. 2021–2025 жылдары университеттің Түлектер қауымдастығының төрағасы болды. Ғылыми зерттеу саласы — қазақ философиясының тарихы, орта ғасыр ойшылдарының дүниетанымы, дін философиясы және әлеуметтік-гуманитарлық мәселелер. 40-қа жуық ғылыми мақалалары халықаралық және республикалық конференциялар жинақтарында жарияланған. Ғылыми еңбектері ЖАК журналдарында және халықаралық басылымдарда, соның ішінде SCOPUS базасына енгізілген еуропалық журналдарда жарық көрген. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Ахмет Иүгінекидің дүниетанымы» (2005 ж., Философия, саясаттану және дінтану институты). Негізгі ғылыми еңбектері: 1. «Ахмет Иүгінеки – орта ғасыр ойшылы» (монография), 2013 ж. 2. «Қазақ философиясының тарихы» I том (Ахмет Иүгінекидің діни-этикалық дүниетанымы), Алматы, 2014. 3. «Орталық Азиядағы экологиялық қауіптер мен қатерлер: саяси және құқықтық негіздері» (оқу-әдістемелік құрал), 2025 ж. 4. «Орта ғасыр түркі ойшылдарының рухани құндылықтары» (қосымша оқу құралы), 2025 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен, «А.Байтұрсынов атындағы» медалімен және басқа да марапаттармен марапатталған.