Артқа
Қайрова Гүлсара Жоламанқызы
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Қайрова Гүлсара Жоламанқызы — «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі. 1968 жылы 13 желтоқсанда Атырау облысы, Ракуша ауылында дүниеге келген.
1986–1991 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдап, журналист мамандығын алған.
Еңбек жолын 1991 жылы Балықшы аудандық «Каспий таңы» газетінде жауапты хатшы ретінде бастаған. 1993–1995 жылдары Атырау облыстық теледидарында редактор, 1995–1996 жылдары облыстық әділет басқармасының «Ақиқат жолы» газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 1996–2001 жылдары Атырау қалалық әкімдігінде бас маман болып еңбек етті.
2001–2020 жылдары облыстық «Ақ Жайық» газетінде тілші-аудармашы ретінде ұзақ жылдар қызмет атқарып, журналистика саласында мол тәжірибе жинақтады. 2020 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқытушы, қазіргі таңда «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады.
Ғылыми-педагогикалық қызметінде заманауи журналистика, медиасауаттылық және цифрлық коммуникация мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Біліктілігін арттыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен өзге де білім беру ұйымдарында медиа және коммуникация, журналистика, қақтығыс жағдайындағы журналистика, медиасауаттылық бағыттары бойынша кәсіби курстардан өткен.
Ғылыми және кәсіби қызметі:
Халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып келеді.
2025 жылы Қарақалпақстан Республикасында өткен «Қазіргі Қарақалпақ филологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық конференцияға қатысып, «Ақпараттық интеграция арқылы түркі әлемінің бірлігін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Сол жылы Қарақалпақстан Республикасында өткен халықаралық конференцияда медальмен марапатталған.