Артқа
Мажитова Ләззат Қабдірқызы
сеньор-лектор
Өмірбаян
Мажитова Ләззат Қабдірқызы — «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының сеньор-лекторы. 1964 жылы 5 ақпанда Атырау облысы, Теңіз ауданы, Сүйіндік ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы.
1985–1990 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алып, журналист біліктілігін иеленген.
2006–2023 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті, Журналистика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасында еңбек етеді.
Ғылыми-педагогикалық қызметінде журналистика саласындағы теориялық және практикалық бағыттарды ұштастырып, кәсіби білім беруге үлес қосып келеді. Орыс тілін еркін меңгерген, ағылшын тілін базалық деңгейде біледі.
Біліктілігін арттыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы білім беру және медиа орталықтарында, сондай-ақ Қырғызстан мен халықаралық бағдарламалар шеңберінде журналистика, медиасауаттылық, қашықтықтан оқыту технологиялары, педагогикалық инновациялар, экологиялық журналистика, қақтығыс жағдайындағы журналистика және ақпараттық сауаттылық бағыттары бойынша кәсіби курстардан өткен.
Оқытатын пәндері: Балалар журналистикасы, Журналистің кәсіби этикасы, Қазақ журналистикасы мен жаңа медиа тарихы, Баспасөз және электронды БАҚ аудиториясы, Журналистика психологиясы мен социологиясы, БАҚ-тағы менеджмент және маркетинг, Сөйлеу техникасы және жүргізуші шеберлігі, Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі, Заманауи мәтін: БАҚ тілі мен стилі.
Таңдаулы жарияланымдары:
1. «Шығармашылық тұлғаның қалыптасуындағы интеллект түрлерін дамытудың қажеттілігі» // республикалық ғылыми-теориялық конференция, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, 2014.
2. «Жеке тұлғаның қалыптасуындағы интеллектінің түрлері» // халықаралық ғылыми конференция Scientific Research and Experimental Development, Лондон, 2022.
3. «Телевизиядағы репортаж және оның негізгі белгілері» // Modern Scientific Challenges and Trends, Варшава, 2022.
4. «Ағартушы, педагог, аудармашы — Н. Залиев» // Актуальные научные исследования в современном мире, Украина, 2022.