Артқа
Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы

Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы

тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор

Өмірбаян

(27.05.1964) - тарих ғылымдарының докторы (11.04.2011), Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі (17.03.2014). 1964 жылы Атырау облысы, Мақат кентінде мұнайшылар жанұясында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1981 жылы Гурьев педагогика институтына түсіп, 1986 жылы «тарих, қоғамтану және кеңестік мемлекеттік құқық» мамандығы бойынша бітірген. 1986- 1987 жылдары Кеңес әскері қатарында азаматтық міндетін атқарған. 1987 жылы 15-ші желтоқсанда Гурьев педагогика институтының «КСРО және жалпы тарих» кафедрасына конкурстық негізде оқытушы ретінде қызметке қабылданды. 1992 жылы аға оқытушы, Тарих және құқық факультеті деканның орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 1997-2000 жылдары университет ғылыми кеңесінің хатшысы. 2001-2004 жылдары Заң факультеті деканы орынбасары болып қызмет атқарды. 2004-2005 оқу жылында Азаматтық құқық пәндері кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды. 2004 жылы қараша айынан 2011 жылғы 22 тамызға дейін Қызылорда «Болашақ» университетінде кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасады.15 тамыз 2011 жылдан,қазірге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Қазақстан және дүние жүзі таризы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 1999-жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте,тарих ғылымдарының докторы,профессор Зұлқарнай Алдамжар жетекшілігімен 07.00.02- Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «1836-1838 жылдардағы қазақ халқының азаттық қозғалысы тарихының мәселелері» тақырыбында, 2003-жылы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы диссертациялық кеңесте,тарих ғылымдарының докторы,профессор Мәмбет Қойгелдиевтің жетекшілігімен 07.00.09-тарихнама,деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «1836-1838-жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының азаттық қозғалысы тарихының деректік негізі мен тарихнамасы» тақырыбында диссертация қорғады. 2010-жылы 27-ақпанда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 07.00.02-Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстанның мұнай-газ өндірісі саласындағы жұмысшы, инженер-техникалық кадрларының қалыптасуы және өсуі (1890-1990 ж.ж)» тақырыбындағы диссертация жұмысын қорғады. 1) Мемлекеттік марапаттар: ҚР Медалі «Ерен еңбегі үшін»Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 02 желтоқсандағы №14549 жарлығы 2) «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі».15 мамыр 2024.№00500 4) Академиялық мүшелік Ресей Федерациясы Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі.№7225 хаттама 17 наурыз 2014 жыл,куәлік №1964 5) Халықаралық атақтары мен дипломдарының иегерлері мүшелік Ресей Федерациясы Жаратылыстану академиясының «Ғылым мен жоғары білімге еңбегі сіңген қайраткер»атағы. №451 хаттама 27 мамыр 2014 жыл,куәлік №01494 7)Атырау облысы Мақат ауданының Құрметті азаматы. Мақат ауданы мәслихаты шешімі. 27 тамыз 2024. №104-8 шешім Негізгі еңбектері: 1.Қазақстанның мұнай-газ өндірісі саласы маман кадрлары.монография.-Қызылорда,2007. -282 б. 2.Исатай – Махамбет:азаттық күрес сардарлары.монография. –Алматы,2011. -208 б. 3.Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі: кадрлық әлеуеті.монография.-Алматы,2012.-368 б. 4.Нефтегазовая промышленность Казахстана учебное пособия.-Кызылорда,2010. – 192 с. 5.Краткая история нефтегазовой промышленность Казахстана учебное пособия. Кызылорда,2011. - 265 с. 6.Қазақстан мұнай-газ кешендері: тарихи экономикалық очерк. Оқу құралы.-Алматы,2011. -128 б. 7.Бөкей Ордасы: тарих және тұлғалар. Оқу құралы Алматы «Атамекен» баспасы,2019.- 198 бет. 8.Қазақстанның батыс өңіріндегі ұлттық интеллигенция.монография. Алматы «Атамекен» баспасы,2019.- 268 бет. 9.Халық мұғалімі Иманғали Адаев. Монография. – Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2024.- 352 бет. 10.Қазақстанның батыс өңіріндегі 1920-1930 жылдардағы халық қозғалыстары (Архив құжаттары жинағы). Оқу құралы. – Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy,2024.- 256 бет. 11. Хисмет Бозанұлы Табылдиев:өмірі мен ғылыми мұрасы. Оқу құралы.Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті баспаханасы, 2024.-126 бет