Артқа
Ахметова Улжан Төлегенқызы
Жоғары, тарих ғылымдарының докторы (2011), қауымдастырылған профессор (2018)
Өмірбаян
1984-1989 жж. Гурьев педагогика институтының тарих-филология факультетінің «тарих, қоғам тану және советтік право пәнінің мұғалімі» біліктілігімен бітірген. «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасының профессоры.
- 2002 ж. «Арынғазы Әбілғазыұлының қоғамдық - саяси қызметі (1786-1833 жж.)» кандидаттық диссертациясын (Алматы қ.)
- 2010 жылы докторлық диссертациясын «Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі (1887-1918 жж.)» (Орал қ.) тақырыбында – 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) докторлық диссертациясын қорғаған.
Зерттеу бағыттары: Ұлжан Төлегенқызының негізгі ғылыми зерттеулері ХҮІІІ – ХХ ғасырлардағы тарихи оқиғаларға арналған. Онда ортағасырлық мемлекеттілік тарихы, оның ішінде Сарайшық қаласына қатысты зерттеулер, Қазақ хандығының саяси тарихы, экономикасы, әлеуметтік жағдайы, Ресей мемлекетінің қазақ жеріндегі жүргізген саясатына қарсы қозғалыстар, қазақ мемлекеттілігі тарихы, тұлғатану тақырыбы, патшалы Ресей үкіметінің қазақ елін отарлау бағытындағы ғылыми зерттеулері, Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясының тарихы, ғылыми мекеме жұмысына қатысқан қазақ ағартушылары, олардың ХХ ғасыр мемлекеттілікті қайта жаңғырту әрекеттері, Кеңестік Қазақстанның қуғын-сүргін ЕТЛ тарихы, өлке тарихына қатысты зерттеулер және өзге де қазақ тарихына қатысты ғылыми зерттеулер қамтылған. Ұлжан Төлегенқызы ғылыми – техникалық қызмет субьектісі ретінде сериясы МК № 002055 куәлігімен аккредиттелген ғалым.
У.Т. Ахметованың ғылыми зерттеу жобаларына қатысуы:
1. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым Комитеті «Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру аясында жариялаған конкурсында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «ХҮІІІ - ХХ ғасырлардағы Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер: тарихы, зерттеу бағыттары және маңызы» атты 2012-2014 жылдарға арналған ғылыми жобаның мемлекеттік грантының ғылыми жетекшісі.
2. 2018-2020 жж. т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтардың «Қазақ Хандығы құрылымындағы билер, батырлар, тархандар, жасауылдар, қожалар институттары: олардың қызметі және жойылуы (XV-XIX ғ.)» атты ҚР БжҒМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландырылған жоба мүшесі.
3. ҚР БжҒМ Ғылым Комитетінің «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК -ның «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» атты 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландырылған ғылыми жоба жетекшісі.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК -ның 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылған «Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» атты бағдарламаның ғылыми жетекшісі.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылған «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» нысаналы ғылыми бағдарламасының ғылыми жетекшісі.
6. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға гранттық қаржыландыру бойынша «Астаналық Сарайшық қаласы Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұра контектісінде (ХІІІ-ХҮІғғ.)» ғылыми жобасының мүшесі.
7. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнология институтының «ХҮІІІ-ХІХ Қазақстанның жаңа тарихы» 2020-2025жж. ғылыми нысаналы бағдарламаның мүшесі.