Артқа
Сарсенов Алдар Сарсенович

Сарсенов Алдар Сарсенович

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Өмірбаян

1949 жылы 24 желтоқсанында Гурьев (Атырау) облысы Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын совхозда жұмысшы болып бастап 1967 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы) тарих факультетіне оқуға түсіп, 1972 ж. аяқтаған. 1972-1973 жж. мектеп мұғалімі, 1973 ж. конкурспен Гурьев педагогикалық институтына (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) аға оқытушы болып қабылданды. 1978-1981 жж. ҚазМУ-дың аспиранты. 1981-1987 жж. аға оқытушы, доцент. 1987 ж. наурызынан 1990 ж. қарашасына дейтін Гурьев облыстық партия комитетінің лекторы. 1990 ж. бастап Атырау университетінде кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды. 2000-2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік университетінде, Ақтөбе педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, декан, проректор қызметтерін атқарған. 2009 жылдан Атырау университетінде кафедра меңгерушісі, профессор 200 ден астам ғылыми мақалалардың, 9 монографиялар мен оқулықтардың авторы. Мақалалары Франция, Англия, Германия, Индия, Румыния, Украина, Ресей басылымдарында жарияланған. ҚР білім беру ісінің үздігі, А.Байтұрсынов орденінің иегері. Негізгі еңбектері SCOPUS • FORMATION OF KAZAKH NATIONAL ELITES IN THE LATE 19TH AND EARLY 20TH CENTURIES, Codrul Cosminului, Volume 26, Issue 1, 2020, 57–72. Конференция • Бауыржан Момышұлы мұрасы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған халықаралық онлайн ғылыми-әдістемелік конференция, 14 желтоқсан, 2020, Атырау. • ПРИСОЕДИНЕНИЕ КАЗАХСКИХ ЗЕМЕЛЬ К КАССР, Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Великое наследие Алихана Бокейханова», Атырау, 2021. • Атырау облысындағы совхоздардың құрылу және даму барысы, Халықаралық ғылыми онлайн форум, Атырау, 2021, 42–45. • СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ СОВХОЗ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК БЕЛСЕНДІЛІГІ, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Алматы, 24 ақпан, 2022, 41–44. • Қазақстанның Батыс аймағындағы 1920–1921 жылдардағы аштық ақиқаты, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 17 маусым, 2022, Алматы. • Батыс Алашорда қайраткерлерінің қызметі, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, 30 қараша, 2022. • Зұлқарнай Алдамжар және Каспий өңірі тарихының өзекті мәселелері, Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын жаңғыртудағы Зұлқарнай Алдамжарұлының еңбектері, Қостанай, 5 желтоқсан, 2022. • Голод 1921–1922 годов в Западном Казахстане, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 07 сәуір, 2023. • Казахский аул в годы Великой Отечественной войны (на примере западных областей), Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 10 сәуір, 2025. • Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Атырау облысы, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 10 сәуір, 2025. • Атырау облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы институт 80 жылдық конференциясы материалдары, 2025. Мақала • Ауыл – селоның интеллектуалдық әлеуетінің агроэкономикалық және этномәдени тағылымы (1946–1991 жж.), оқу құралы, Атырау, 2020, 123 б. • Ауыл – селоның интеллектуалдық әлеуетінің қалыптасуы мен даму жолдары (ХХ ғ. 40–90 жж.), оқу құралы, Атырау, 2020, 137 б. • Қазақстан ауыл-село кадрлық әлеуеті, ҚАЗАҚ ТАРИХЫ, №11 (188), Қараша 2020, 43–48 ст. • NATIONAL POLICY IN KAZAKHSTAN IN 40–90-IES OF XX CENTURY: SUCCESSES AND EXTRACTIONS, Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы, №4(67), 2020, 81–86. • ГОЛОД 1921–1922 ГОДОВ В ЗАПАДНОМ КАЗАХСТАНЕ: ПРИЧИНЫ И ПОСЛЕДСТВИЯ, Вестник Атырауского университета им. Х.Досмухамедова, №1 (64), 2022. • СТАНОВЛЕНИЕ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА: НОВЫЙ ВЗГЛЯД НА ИСТОРИЮ, Отан тарихы, №2 (98), 2022. • ИСТОРИЧЕСКИЕ ЭТАПЫ РАЗВИТИЯ НЕФТЯНОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ, Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы, №4(75), 2022, 211–224. • Материально-технические основы и образовательные истоки интеллектуального потенциала аулов и сёл Казахстана в послевоенные годы, Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы, №4 (79), 2023, 63–74.